​Алматыда көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

0
2 337

Ішінде 8 бала бар жалпы 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді.


​Алматыда көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

ERNUR.KZ. Алматыда көпқабатты үйде өрт шықты, - деп жазады Tengrinews.kz.


16 ақпанда 101 пультіне Гоголь көшесі, 75 мекен-жайында балкон жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті.


Алдын ала мәліметтер бойынша, 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішінде сегіз бала бар. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.