Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 80-ге жуық адам эвакуацияланды

0
975

18 қабатты үйдің 4-қабатындағы пәтер өртенген.


Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 80-ге жуық адам эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 75 адам эвакуацияланды, деп жазады Azattyq Ruhy.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қаңтар сағат 10:13 кезінде Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 167-көпқабатты үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

18 қабатты үйдің 4-қабатындағы пәтер өртенген. Сағат 10:59-да өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

«Өртті сөндіруге 43 маман мен 11 бірлік техника жұмылдырылды. Қазір өрт себебі анықталып жатыр. Өрт шыққан көпқабатты үйден 75 тұрғын, оның ішінде 25 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Арнайы жасақтан келген Daewoo автобусы эвакуацияланған тұрғындарды жылыту шараларын қолға алды», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.