Алматыда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері өтемақы ала ма

0
603

Алматыда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны 218-ге жетті.


Алматыда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері өтемақы ала ма

ERNUR.KZ. Алматыда жаппай коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері 2 млн теңге көлемінде өтемақы ала ма? Бұл сауалға қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы жауап берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік комиссия шығарған қаулыға сәйкес, инфекциялық және провизорлық стационарларда жұмыс істейтін, вирусты жұқтыруы мүмкін науқастармен жұмыс істеген медицина қызметкерлері 2 млн теңге мөлшерінде өтемақы алуы тиіс. Комиссия шешіміне сәйкес, өз міндетін атқарып жатқан мамандардың барлығы өтемақы алуы керек деп ойлаймын»,-деді басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Айта кету керек, Алматыда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны 218-ге жетті. Олардың басым көпшілігі Алматы орталық клиникалық ауруханасында жұмыс істеген.