Алматыда коронавирустан қайтыс болған екі адамға қатысты дерек шықты

0
747

Алматыда жалпы коронавирустан қайтыс болғандар саны 20-ға жетті.


Алматыда коронавирустан қайтыс болған екі адамға қатысты дерек шықты

ERNUR.KZ. Алматыда 21 маусымда коронавирустан екі адам қайтыс болды. Қаланың денсаулық сақтау басқармасындағылар өлімнің мән-жайын айтып берді, деп жазады Tengrinews.kz.


"1960 жылы туған ер адам 5 маусымда инфекциялық стационарға жатқызылды. Жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратында жатты. Ауруханаға түскенде екі жақты полисегментарлы пневмония болғандықтан жағдайы ауыр деп болатын.
Диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес емделді. Соған қарамастан, жүрек қызметі тоқтады, 30 минут бойы реанимациялық шаралар жасалғанмен, қайтыс болды", - деп хабарлады басқармадағылар.

Қайтыс болған екінші адам 63 жаста болған. Маусымның басында ЖРВИ белгілерімен ауырған. Үйде өздігінен емделген.

"14 маусымда жедел жәрдем көлігімен инфекциялық стационарға жатқызылды. Сол кезде коронавирус инфекциясының талдауы оң нәтиже көрсеткен. Басқа да сырқаты болған. Бірнеше жылдан бері созылмалы жүректің ишемиялық ауруы, артериалды гипертензиямен ауырған. Виремия (вирус қан айналымына түсіп, барлық денеге тарайтын жағдай) белсенді болғандықтан , ауыр мультиморбид салдары көп ағзалық дерт синдромы және қайтыс болуға әкеп соқты", - деп қосты ведомстводағылар.

Қайтыс болғандарды қарастыратын комиссия екі адамның өліміне SARS-COV-2 салдарынан екіжақты пневмония болып, қайтыс болды деген шешім шығарылған. Алматыда жалпы коронавирустан қайтыс болғандар саны 20-ға жетті.
Еске салайық, қазір Қазақстанда 17 732 адамнан коронавирус анықталған. 10 897 адам аурудан айықты, 120 науқас көз жұмды, 9809 адам симптомсыз ауырып жатыр.