Алматыда коронавирустан қайтыс болғандарға арналған полигонда 32 адам жерленген

0
689

Қалада коронавирустан 10 адам қайтыс болған.


Алматыда коронавирустан қайтыс болғандарға арналған полигонда 32 адам жерленген

ERNUR.KZ. Алматыда коронавирустан қайтыс болғандарға арналған полигонда 32 адам жерленген. Алайда қалада коронавирустан қайтыс болған 10 адам ғана тіркелген. Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров осы жағдайды түсінідіріп берді, деп жазады Tengrinews.kz.


Осыған дейін БАҚ-тарда Алматы түбінде коронавирустан қайтыс болған 32 адам жерленгені және тағы 12 орынның бар екені хабарланған болатын.


"Бүгінде қалада коронавирустан 10 адам қайтыс болды, қалғандарының барлығы - 22 адам , оларда басқа аурулармен қатар коронавирус инфекциясы да анықталды", - деді қала әкімінің орынбасары.


Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 8969-ға жетті, айыққандар саны - 4515, қайтыс болғандар саны - 35.