Алматыда крематорий салынады

0
1 126

Мәйіттерді өртеуге арналған орталық Алатау ауданында салынбақ.


Алматыда крематорий салынады

ERNUR.KZ. Қалада крематоридің жобалық-сметалық құжаттарына тендер жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Қайтыс болған адам денесін өртеуге арналған нысан бір үлкен бөлме мен екі пештен тұрады. Оның жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 46,8 млн теңге бөлінген.

Жоспар бойынша ол Алатау аудынандағы жаңа мәйітхана ғимаратының жанынан салынбақ. Барлық құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Жалпы Алматыда крематорий салу туралы ұсыныс 1987 жылы айтылған. 2011 жылы «Жерлеу қызметі арнайы комбинаты» ЖШС жобаны қолға алуға дайын шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізген.

Алайда осы уақытқа дейін жоба жүзеге асырылған жоқ.