Алматыда құрылыс компаниясы 17 гектар жердегі орманды отап тастаған

0
493

Жасыл шелекті заңсыз кескен құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Алматыда құрылыс компаниясы 17 гектар жердегі орманды отап тастаған

ERNUR.KZ. Алматыда жасыл желекті отап тастағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қаланың экология және қоршаған орта басқармасының хабарлауынша, «Qazaq Stroy Almaty» ЖШС 17 гектар жердегі жасыл желекті жойып жіберген. Алатау ауданы, Дарабоз ш/а мекенжайда жалпы алаңы 17 га жер учаскесінде кесуге және құрылыс жүргізуге рұқсат берілмесе де мұндағы 176 ағаш және 40-тан астам жабайы өскен бұталар (барлығы 216 бірлік жасыл екпелер) кесілген.

«Осыған байланысты Басқарма мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы және табиғат қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп келтірілген залалды есептейді әрі жасыл желектерді тексеру актісін жасайды. Анықталған факті бойынша Алматы қаласы Алатау ауданының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Компания 2023 жылғы маусымнан бастап «Мемлекеттік қызметтер» порталы арқылы (Elicense.kz) Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасына «Qazaq Stroy Almaty» ЖШС-нен тұрғын үй кешені құрылысының аумағында ағаштарды кесуге рұқсат алу үшін 6 рет өтінім берген. Барлық өтінімдерге ұсынылған материалдарда жасыл желектер туралы ақпараттың мазмұны бар сараптама қорытындысының болмауы себебінен ағаштарды кесуге рұқсат берілмеді. Ағаштарды кесуге рұқсат беру мемлекеттік қызмет болып табылады. Қажетті құжаттар пакеті толық ұсынылған жағдайда рұқсат беруден бас тарту мүмкін емес.

«Бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында (Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама) көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі құжаттардың толық пакетінің ұсынылуына байланысты 2023 жылғы 11 желтоқсанда Басқарма жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша кесуге рұқсат берілген 2797 дана ағаштың орнына 27 970 дана көлемінде өтемдік жасыл желек отырғызатын болады. Басқарма сонымен қатар 100 дана жасыл желектерді басқа жерге отырғызу жөніндегі жұмыстарға келісім берді», - делінген хабарламада.

Көшеттерді отырғызу «Алматы қаласының жасыл желектерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларының» барлық талаптарын сақтай отырып, биіктігі кемінде 2,5 метр болатын жалпы пайдаланымдағы жерлерде жүргізіледі.