Алматыда қызды азаптап өлтіріп, артынан өртеген пәтер көпбалалы анаға тиесілі болып шықты

0
1 029

Алматыда бойжеткеннің мәйіті табылған "Латифа" тұрғын үй кешеніндегі пәтер кімдікі екенін анықтады.


Алматыда қызды азаптап өлтіріп, артынан өртеген пәтер көпбалалы анаға тиесілі болып шықты

ERNUR.KZ. Пәтер иесі бойжеткенді оның үйінде тұншықтырып өлтіріп, артынан өртеп жібергенін растады. Бірақ, ол пәтерін кімдер жалға алып жүргенін білмейтін болып шықты, деп жазады Stan.kz.

Қылмыс “Латифа” тұрғын үй кешенінің 13-қабатындағы пәтерде болған. Пәтер тәулік бойынша жалға берілетін көрінеді. Ол көпбалалы ана Құралай Абылановаға тиесілі екені анықталды. Ол қаза тапқан қызды да, оны өлтірген адамды да танымайтын болып шықты.

“Пәтер менікі, оны жалға беремін. Бірақ, пәтеріме жезөкшелер келеді дегендері өтірік. Мен пәтерімді бір ер адамға айлап жалға беремін, ол оны тәулік бойынша жалға береді. Тәулікпен тапсыруға уақытым жоқ”, – дейді пәтер иесі.

Құралай Абыланова пәтеріне жеңіл жүрісті қыздар келеді деген әңгіме бос сөз екенін қайталап өтті. Ол көршілерінің көбін таниды және олармен үнемі байланысып отырады.

“Сіздерге көршілерім жезөкшелер келеді деп айтты ма? Бұл өтірік. Мен көршілерімнің бәрін танимын, ешкім ешқашан шағым айтқан емес. Мен учаскелік полицейге жеке кәсіпкер ретінде пәтерімді жалға беретінімді ескерткемін”, – дейді ол.

Пәтер иесі өлім болған күні үйін кім жалға алғанынан бейхабар екенін айтады.

"Сенбі күні пәтерді кім жалдағанын білмеймін. Қылмыскерді де, қаза тапқан қызды да танымаймын. Учаскелік полицей менен арадағы делдал, яғни, менің пәтерімді тәуліктеп жалға беретін жігіттің нөмірін алды. Бірақ, ол қоңырауға жауап бермей жатыр.Ер адам маған пәтерді іс-сапарға келген адамдарға ғана тапсырамын деп уәде еткен еді", — дейді пәтер иесі.

Еске сала кетсек, Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 18 жастағы қызды өлтіріп, денесін өртеп кеткен. Жантүршігерлік оқиға жалға берілетін пәтерде болған. Ол пәтерге бойжеткен бір жігітпен келген көрінеді. Алматы қалалық полиция департаменті азаматша А-ны өлтірді деген күдіктінің қолға түскенін мәлімдеді. Қылмыстық іс "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе ол 15-жылдан 20-жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.