Алматыда қызмет барысында қаза тапқан полицейлерге ескерткіш орнатылды

0
663

Тәуелсіздік жылдарында Алматы полициясының 70 қызметкері қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапты.


Алматыда қызмет барысында қаза тапқан полицейлерге ескерткіш орнатылды

ERNUR.KZ. Алматыда қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан полицейлерге ескерткіш орнатылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Әуезов аудандық полиция басқармасында орнатылған ескерткіштің ашылу салтанатына Алматы қалалық Полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер, полиция қызметкерлері, сондай-ақ, Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың әйелі қатысты.



«Тәуелсіздік жылдарында Алматы полициясының 70 қызметкері қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапты, олардың 32-сі қылмыспен бітіспес күресте. Бесеуі Әуезов аудандық Полиция басқармасында қызмет етті. Олардың адалдығы мен ерлігі тарихта қалады, барлық уақытта заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуде үлгілі қызмет көрсетудің үлгісі болады және ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалады. Батырлардың есімдері біздің жүрегімізде және жадымызда мәңгі сақталады», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, департамент басшысы ерлікпен қаза тапқан тағы бір полицейдің отбасына барды. Полиция қызметкері Мақсат Дабылов 2011 жылдың қарашасында қылмыскерлер-деструктивті діни ағым ұстанушыларының заңсыз әрекеттерін тоқтату кезінде қаза тапты