Алматыда ластанған көлдің жағасынан қырылған балық табылды

0
701

Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімдігіндегілер ластануға қатысты пікір білдірді.


Алматыда ластанған көлдің жағасынан қырылған балық табылды

ERNUR.KZ. Алматылықтар Түрксіб ауданы Пархач көлінің ластануына шағымданды. Қала тұрғыны жағалауда жатқан қоқыстарды, сондай-ақ қырылып қалған балықтарды видеоға түсірді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадр сыртында ер адам Рысқұлов даңғылы және Волочаевск көшесінің қиылысында тұрғанын айтады.

"Артыңыздан қандай қоқыс тастап кеткеніңізге қараңыз, тіпті балық қарғып шығыпты. Жинап кетуге болатын еді ғой. Бұрын бұл жерде балық жақсы жүзетін. Енді не болып жатқанына қараңыздар", - дейді ер адам.

Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімдігіндегілер ластануға қатысты пікір білдірді. Олар көл 2017 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ақ Отау груп" ЖШС "Қазақ өндірістік-бейімдеу станциясы" РМКК-ға берілгенін атап өтті.

"Теңгерімде ұстаушы мекеменің мәліметіне сәйкес, көлді абаттандыру жоспарланған. Аудан әкімі аппаратының тарапынан теңгерімде ұстайтын мекеме территорияны дұрыс сақтамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылды", - деді аудандық әкімдіктегілер.