Алматыда мемлекеттік нөмірі жоқ кортеж видеоға түсірілді

0
1 342

Видеода мемлекеттік нөмірі жоқ көліктерді көруге болады.


Алматыда мемлекеттік нөмірі жоқ кортеж видеоға түсірілді

ERNUR.KZ.Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жеңіл көліктер мен жол талғамайтын көліктердің кортежі түсірілген видео таралып жатыр, - деп жазады Tengrinews.kz.

Видеоны әлеуметтік желіде блогер Александр Цой жариялады.


Видеода мемлекеттік нөмірі жоқ көліктерді көруге болады.

"Біздің полиция қызмтекерлері ІІМ реформалары мен қылмыс деңгейін азайту мақсатында жұмыс істеп жатқан кезде Алматы тәртіпсіздікке толған қалаға айналып жатыр. Мұнда сені тапа-тал түсте тонап, көлік айнасы үшін өлтіріп кетуі мүмкін. (...) Күндіз орталық көшеде мемлекеттік нөмірі жоқ, көлеңкеленген терезелермен және арнайы дабылдарды қосып қойып, артқа қарай қозғалып, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзған көліктердің салдарынан жолдан келеңсіздік болды. Ал былайша, иә, бізде қылмыс деңгейі азайып жатыр", - деп жазған блогер видеоның сипаттамасына.