Алматыда мешіт өртенді

0
1 030

Мәліметті қалалық ТЖД өкілдері растады.


Алматыда мешіт өртенді

ERNUR.KZ. Алматының Түрксіб ауданында жұмыс істемей тұрған мешіттен өрт шықты, - деп жазады Tengrinews.kz.

"23.14-де Алматы ТЖД "101" пультіне Түрксіб ауданы, Жасқанат ықшамауданы, Баймағамбетов көшесі, 131 үйдің жанында орналасқан жұмыс істемейтін мешіттің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Алғашқы өрт сөндіру қызметі 7 минуттан кейін, сағат 23.21-де оқиға орнына жетті. Өрт сөндіріліп жатыр", - деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Жалын шарпыған аумақ анықталып жатыр.

Ешкім зардап шекпеген. Кейін ТЖД өкілдері өрттің 00.23-де сөндірілгенін хабарлады.