Алматыда мысықтардың басын шауып жүрген ер адам өз-өзін өлтірді

0
1 161

Ер адам 6 тамызда көз жұмғанымен оның өлімі турал тек енді ғана белгілі болды.


Алматыда мысықтардың басын шауып жүрген ер адам өз-өзін өлтірді

ERNUR.KZ. Алматылық Роман Чекмарев - жануарларға деген қатыгездігімен танылған ер адам суицид жасады, деп жазады sputniknews.kz.

Белгілі болғандай, ер адам 6 тамызда өзіне қол салған. Белгілі болғандай бұған дейін оның үйі өртеніп кеткен.

Полиция Роман Чекмаревтың өлімін растады.

«Оның өлімі тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелді. Чекмарев суицид жасаған», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетсек, өткен жылдың қыркүйек айында ер адам өзінің «ВКонтакте» желісіндегі парақшасында мысықтардың шабылған басы түсірілген видеоны жариялап, желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Видеода Карина есімді қызға үндеу жасаған Чекмарев неліктен мысықтарға мұндай сұмдық әрекет жасағанын түсіндірмек болады. Артынша ер адам полицейлердің тарапына бейәдеп сөздер айтқан. Кейіннен аталған видеожазба өшірілген.

Осы факті бойынша полицияда тергеу басталды.

фото: stan.kz.