Алматыда өгей әкесі екі жасар ұлын өлімші етіп сабап тастаған

0
1 261

Бала комада жатыр.


Алматыда өгей әкесі екі жасар ұлын өлімші етіп сабап тастаған

ERNUR.KZ. Алматыда екі жасар баланы ұрды деген күдікті ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Құқық қорғаушылардың мәліметі бойынша, ер адам тұтқындалып, өз ісін мойындаған. 23 қыркүйекте полицияға қалалық ауруханалардың біріне ес-түссіз жатқан 2017 жылы туған ұл бала әкелінгені туралы хабар түскен.

Дәрігерлер баланың бассүйек миында қанды ісік, іші, көкірек қуысы, аяқ-қолында жарақаттар бар екенін анықтаған. Қазір ол комада жатыр.

"Бірінші болып баланың өгей әкесі - 1985 жылы туған К. азаматты тексердік. Ол баланың құлап қалғанын айтты. Оның жауаптары күмәнді көрінді, ер адам қобалжып, кей нәрсені айтпай қалды. Алғашқы тергеу іс-шарасы барысында өгей әке анасы жоқ кезде баланы қатты ұрғаны анықталды", - деді жергілікті Полиция қызметі басқармасы ювенал бөлімнің басшысы Лейла Әліпбаева.

Алматы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бала қазір ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.

"Оның бассүйек миына компьютерлік томография жасалды. Аурухана әкімшілігімен келіскен соң, бала жансақтау бригадасымен балаларға арналған шұғыл жәрдем орталығына жеткізілді. Оған ауыр қосарлас жарақат, ауыр жабық бассүйек миының жарақаты, ми бағанасының жарақаты, сол жақ гемисфераның субдуралдық қанды ісігі, торлы қабық астына қан құйылу, бассүйек миының ісіп-кебуі, дислокациялық синдром, бассүйек миының араласқан аксонал жарақаты, көкірек қуысы органдарының, іш жарақаты, құрсақ қуысы органдарының жарақаты, жұмсақ тіндердің көптеген жарақаты, жаралар, бетінің терасты, бастың жіптесін бөлігінің қан ісігі диагнозы қойылды. ІІІ дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі. ІІІ дәрежелі жарақаттық шок. ІІІ дәрежелі церебрал шок", - деді ведомствода.

Шұғыл көрсеткіштерден соң баланың бас сүйегін тесіп операция жасалды.