Алматыда оқушылар арасында жаппай төбелес орын алды (видео)

0
588

Жарақат алғандар бар.


Алматыда оқушылар арасында жаппай төбелес орын алды (видео)

ERNUR.KZ. Алматы облысының Полиция департаментіне 27 қазан күні Панфилов аудандық орталық ауруханасына 16 жастағы жасөспірімнің дене жарақатымен түскені туралы хабарлама келген, деп жазады baq.kz.

27 қазан күні Панфилов аудандық орталық ауруханасы Пенжім ауылындағы мектеп аумағынан 16 жасар жасөспірім дене жарақатымен келіп түскен. Тексеру барысында 9-шы және 10-шы сынып екі оқушының арасында ауызша дау-дамай туып, арты оқушылар арасындағы төбелеске ұласқаны және оның салдарынан жасөспірімнің зардап шеккені белгілі болды. Аталған факті бойынша ҚК 106-бабының 2-бөлігі негізінде қылмыстық іс тіркелді, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталды, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы тұрақты, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.




Ауыл азаматтарымен аудан әкімі, ақсақалдар және Алматы облысы ПД бастығы тарапынан кездесулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда, - делінген ведомство хабарламасында.