Алматыда оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

0
436

№172 мектепте төменгі сынып оқушыларының арасында қызылша анықталған.


Алматыда оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

ERNUR.KZ. Алматыдағы мектептердің бірінің бастауыш сынып оқушылары қызылшаның өршуіне байланысты қашықтан оқуға ауыстырылды, деп azattyq-ruhy.kz.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, №172 мектепте төменгі сынып оқушыларының арасында қызылша анықталған. Сондықтан, мектеп ұжымы санитар дәрігерлермен оқушыларды 16-қазанға дейін қашықтан оқыту туралы шешім қабылдаған. Балаларға онлайн білім алу үшін қажет компьютерлік техникамен және интернет-ресурстармен қамтамасыз етілді дейді білім басқармасы.

"№172 мектеп директоры ұсыныстарды ескеріп, инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау үшін инкубациялық кезең аяқталғанға дейін барлық бастауыш сынып оқушысын (1-4) онлайн оқытуға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Мұғалімдер мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балалар онлайн оу үшін қажет компьютерлік техникамен және интернет-ресурстармен қамтамасыз етілген", - делінген басқарма хабарламасында.

Әкімдік өкілдері қаланың басқа мектептерінде жағдай тұрақты және эпидемиологтардың бақылауында екенін хабарлады.