Алматыда өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адам құтқарылды

0
420

102-ге оның суицид жасайтынын туыстары дер кезінде хабарлап үлгеріпті.


Алматыда өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адам құтқарылды

ERNUR.KZ. Алматыда суицид жасамақ болған ер адамды полицейлер асылып тұрған жерінен құтқарып қалды, деп жазады exk.kz.

Есенберлин көшесіндегі үйлердің бірінде ер адам өз-өзіне қол салмақ болған. 102-ге оның суицид жасайтынын туыстары дер кезінде хабарлап үлгеріпті.

Оқиға орнына келген полицейлер оның асылып тұрған жерінен тауып, жедел жәрдем шақыртады. Медеу аудандық ПБ ЖПҚБ УПП-нің учаскелік инспекторы Алмас Жанғалидың айтуынша, олар үйге есікті сындырып кіруге мәжбүр болған.

"Үйдің есігі құлыптаулы болды, оны сындыруға мәжбүр болдық. Үйге кірсек, бұл адам пештің жылыту құбырында ілулі тұрды. Мен көтердім, серіктесім оны шешіп алды. Алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Ауаға шығардық. Жедел жәрдем шақырдық. Ол масаң күйде осындай қадамға барған", — деді Алмас Жанғали.