Алматыда пәкістандықтар ұсталды

0
1 381

Шетелдіктерді Алматы қалалық көші-қон қызметінің қызметкерлері ҚР ҰҚКД мен ҰҚК өкілдерінің көмегімен Наурызбай ауданы аумағында ұстады.


Алматыда пәкістандықтар ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда шекараны заңсыз кесіп өтті деген күдікпен Пәкістан азаматтары ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Шетелдіктерді Алматы қалалық көші-қон қызметінің қызметкерлері ҚР ҰҚКД мен ҰҚК өкілдерінің көмегімен Наурызбай ауданы аумағында ұстады.

"Пәкістан Ислам Республикасы азаматтарының паспорттарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өту мөртабандары жоқ, яғни ҚР ҚК 392-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар. Басқа жағдайлар анықталып жатыр", - делінген хабарламада.