Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

0
505

Олардың 11 қылмысқа қатысы бары анықталды.


Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Үш адам пәтерлерге кіріп, құнды заттарды ұрлайтын болған. Олардың 11 қылмыстық эпизодқа қатысы бары анықталды.


«Ұсталғандардың үшеуі де Алматы облысының тұрғындары. Олардың екеуі бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотталған. Күдіктілер осыдан бір күн бұрын Қабанбай батыр көшесінде орналасқан пәтерлердің біріне ұрлыққа түскеннен кейін ұсталды. Оңай ақшаға құныққан олар ақша мен құнды мүліктерді алып кеткен. Ұрланған заттар тәркіленді. Қазір олардың Алматы қаласының аумағында жасалған 11 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды»,– деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.


Сонымен қатар, ұсталған қылмыстық топты Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларының полицейлері де іздеп жатқаны белгілі болды.