Алматыда перзентханадағы өлімнен кейін 4 адам қызметінен шеттетілді

0
859

Артында үш баласы қалған марқұмның туыстары өлімге дәрігерлердің салғырттығы себеп деп отыр.


Алматыда перзентханадағы өлімнен кейін 4 адам қызметінен шеттетілді

ERNUR.KZ. Перзентханадағы өлімнен кейін 4 адам қызметінен шеттетілді. Алматының №1 перзентханасында бір апта бұрын көпбалалы ана көз жұмған еді. 27 жастағы келіншектің іш қуысына қан кетіп, оны дәрігерлер шұғыл түрде кесар тілігі арқылы босандырып алған, деп жазады ktk.kz.

Шақалақ аман-есен, ал өзін ақ халаттылар құтқара алмапты. Артында үш баласы қалған марқұмның туыстары өлімге дәрігерлердің салғырттығы себеп деп отыр. Олар наразылықтарын әлеуметтік желіге жариялаған. Қазір осы жағдайға байланысты комиссия құрылып, қызметтік тексеріс басталды.

- Периниталдық орталықтың қызметкерлері тиісті медициналық көмекті көрсеткен. Бірақ келіншекті аман алып қалу мүмкін болмады. Кешенді тексеру жұмыстары басталды. Комиссия құрамына республикалық ұйымдардың өкілдері, денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитеті кірді. Тексеріс қорытындысы полиция департаментіне жеберілетін болады, - дейді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бейсенбаева.