Алматыда полицейлер мен еріктілер жоғалған баланы түні бойы іздеп тапты

0
496

Бала досының үйінен табылды.


Алматыда полицейлер мен еріктілер жоғалған баланы түні бойы іздеп тапты

ERNUR.KZ. Кеше кешке әлеуметтік желілерде Алматыда жеті жасар баланың жоғалып кеткені туралы ақпарат пайда болды. Полицейлер мен еріктілер түні бойы баланы іздеді деп жазады Stan.kz.

Әлеуметтік желілерде жеті жасар баланың 22 мамырда кешкі сағат сегіздер шамасында серуендеуге шыққаны, бірақ ешқашан үйіне оралмағаны туралы ақпарат тарады.

Полицейлер мен еріктілер баланы түні бойы іздеді. Нәтижесінде ол досының үйінен табылды.

"Баланы полиция қызметкерлері тапты. Ол ойнағаннан кейін досының үйінде түнеген. Бала ата-анасына аман-есен тапсырылды", - деді Алматы полиция департаменті.