Алматыда полиция инспекторлары қоғамдық көліктің жолаушыларын тексеріп жатыр

0
552

Полиция инспекторлары планшет арқылы азаматтардың корнавируспен күресу жөніндегі Жедел штабтың бірыңғай тізілімінде бар-жоғын анықтауда.


Алматыда полиция инспекторлары қоғамдық көліктің жолаушыларын тексеріп жатыр

Алматыда карантинді сақтау мақсатында полиция қызметкерлері қоғамдық көліктің жолаушыларын тексеріп жатыр, – деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тәртіп сақшылары алматылықтардың карантин режимі кезінде қала ішінде жүруіне рұқсат бар не жоқтығын тексеруде. Планшеттермен полиция инспекторлары азаматтардың КВИ-мен күресу жөніндегі Жедел Штабтың бірыңғай тізілімінде болуын немесе болмауын анықтайды.

“Бұл жұмысқа учаскелік полиция инспекторлары қатысады, олар қаланың қоғамдық көліктерінде тексеріс жүргізеді. Әр азаматтың деректері электронды түрде тексеріледі. Ақпарат болмаған жағдайда, шұғыл қажеттіліксіз көшеде болуға қатысты шектеулер туралы ескерту жасаймыз. Біз ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес талаптарды түсіндіреміз. Жергілікті полиция қызметкерлері тек ЖШ тізіліміндегі мәліметтерге сүйенеді. Бұл шаралар карантиндік режим аяқталғанға дейін өткізіледі”, – деді Алматы қаласы ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.