Алматыда республикалық құсбегілер турнирі басталды

0
1 293

Алматыда құсбегілердің республикалық турнирі басталды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қаладағы ипподромда басталған «Қыран-2018» турнирі 10 ақпанға дейін өтеді.


Алматыда республикалық құсбегілер турнирі басталды

фото: azattyq

Алматыда 8 ақпанда құсбегілердің республикалық турнирі басталды. Қаладағы ипподромда басталған «Қыран-2018» турнирі 10 ақпанға дейін өтеді. Бұл туралы azattyq.org хабарлайды

Турнирге Қазақстанның он аймағынан 60-қа тарта құсбегі келген. Бүгін турнир барысында құсбегілер бүркіттерін шырға салды (түлкі, қоян сияқты аңдарды аяғын тұсап атпен сүйреп жүріп, оған құс салып жаттықтыру).

9 ақпан – турнирдің екінші күні сұңқар, қаршыға, ителгі және лашындардың аң алу машығы сыналады. 10 ақпан күні сайыста тең түскен бүркіттер қасқырға салынбақ.

Ұйымдастырушылар турнирде құстардың күтімі, машығы мен ептілігі бағаланатынын айтады. Турнир ұлттық спорт түрлерін, оның ішінде құсбегілік өнерді қайта жандандыру мақсатында өткізіліп отыр.

Халықаралық табиғатты қорғау одағы жыртқыш құстардың кейбір түрлерінің құрып бара жатқан жануарлар тізіміне енгізілу себептерінің бірі оларды сату үшін бей-берекет аулауда деп біледі.