Алматыда рұқсат етілген митинг өтті

0
67

Шеруге шыққандардың басты талабы жұмысшылардың құқығын қорғау, ебекақыны көтеру және тәуелсіз кәсіподақтарға көрсетілетін қысымды доғару болды.


Алматыда рұқсат етілген митинг өтті

ERNUR.KZ. Сарыарқа кинотеатры артындағы гүлзарда "Аманат" Қазақстан кәсіподақтар достастығы, "Рабочие решение" кәсіподағы және "Азаматтық қорғаныс" Қоғамдық бірлестігі митинг өткізді, деп жазады baq.kz.

Шеруге шыққандардың басты талабы жұмысшылардың құқығын қорғау, ебекақыны көтеру және тәуелсіз кәсіподақтарға көрсетілетін қысымды доғару болды.

"Жұмысшылардың құқығы тапталып жатыр. Көптеген жұмыс беруші жұмысқа адам алғанда келісімшарт жасамайды, осыдан жұмысшының құқығы бұзылады. Жұмыс берушілер зейнетақы төлеу және басқа да жауапкершілікті мойнына алмас үшін осындай қадамдарға барып отыр. Заңды келісім болмаған соң жұмысшылар кейін сол жерде жұмыс істегенін де растай алмайды. Зейнетақы алмағанымен қоса жұмыс өтілі тіркелмейді және көптеген әлеуметтік көмектен қағылады. Және ондай адамдарды кез келген уақытта жұмыстан шығарып жіберу қиын емес,- дейді "Азаматтық қорғаныс" Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Андрей Ушаков.

WhatsApp Image 2019-11-09 at 12.02.45.jpeg


Жиынға қатысушылар қазіргі кәсіподақтар Совет кезіндегі жүйе бойынша жұмыс істеп жатқанын, олардың құрылымы өзгеру керек деген ойларын білдірді.

Бұрынғыдай емес қазір жұмысшыларға түсетін ауыртпашылық көбейді. Өндіріс көлемі де бұрынғыдан әлде қайда ұлғайған. Жұмысшылардың құқығы тапталуда, оны тек тәуелсіз кәсіподақтар болмаса өзгелері шешуге құлықты емес. Өз құқығын қорғайтын жұмысшыны мекеме басшылығы жақтыра бермейді, "істесең істе, әйтпесе есік әне" деп шығарып салады. 1917 жылы 8 сағаттық жұмыс уақыты тіркелген, одан бері қанша уақыт өтті, өндіріс көлемін де салыстыруға келмейді. Қазіргі кәсіподақтар 6 сағаттық жұмыс уақыты үшін күресу керек. Сонымен қатар, жұмысшылардың ереуіл өткізуге құқығы бар, соған рұқсат беру керек. Яғни жұмысшылар өздерінің өтініш-талаптарын қоя білу керек, - дейді митингке қатысушы Дмитрий Литин.
Сондай-ақ, митинг соңында резолюция қабылданып, елдегі жұмысшылардың құқығын жақсарту бойынша ұсыныстар жасалды.


WhatsApp Image 2019-11-09 at 12.03.00.jpeg

Біріншіден, Халықаралық еңбек жөніндегі ұйымның №131 конвенциясындағы ең төменгі жалақы мәселесін өзгерту. Бұл еңбек жөніндегі заңнаманың өзгеруіне әкеледі.

Екіншіден, Еңбек туралы кодекстің 50-бабындағы 3-тармағын жою. Өйткені қазіргі жағдайға ол сай келмейді. Жұмыс берушілер келісімшарт жасасқанда осы заңды алға тартады да, жұмысшыны кез келген уақытта жұмыстан шығарып жібереді. Мүмкін елдың әл-ауқаты жақсарып, жұмыс табу қиындық тудырмайтын кезде ғана оны енгізу жөнінде ойлануға болатын шығар. Біздің жұмысшылардың көбі заңды тұрғыдан сауатты емес, сондықтан келісімшартта оған мән бермейді. Білген күннің өзінде оның ешқандай таңдауы жоқ.

Үшіншіден, тәуелсіз кәсіподақтарға қысым жасауды доғаруды талап етті.

Төртіншіден, барлық жұмысшылар үлкен кәсіподақ ұйымдарының төңірегіне жиналуға шақырды.

Бесіншіден, еңбек дауларына прокурорларды міндетті түрде қатыстыру қажеттігі айтылды.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет