Алматыда салмағы алты келіден асатын сәби дүниеге келді

0
422

​Қызметкерлер баланың салмағы ауыр болатынын алдын ала болжаған.


Алматыда салмағы алты келіден асатын сәби дүниеге келді

ERNUR.KZ. Алматыда салмағы 6 килограмнан астам сәби дүниеге келді, деп жазады sputnik.kz.

Сәби №2 қалалық перзентханасында дүние есігін ашты.
Қызметкерлер баланың салмағы ауыр болатынын алдын ала болжаған. Соған орай дайындық жұмыстары да жүргізілді.
Дегенмен мамандар оның салмағы алты келден астанын білген жоқ. Сәби 6 келі 20 грамм болып дүниеге келген.
"Біз баланың салмағы 6 келіден асады деп ойламадық. Жүктілік кезеңіндегі ультрадыбыстық зерттеу сәбидің салмағы төрт килограмды көрсеткен. Алайда УДЗ арқылы нақты салмақты анықтау мүмкін емес. Бала кесарь тілігімен емес, табиғи жолмен дүниеге келді",- деді перзентха дәрігері.
Баланың анасы 23 жаста. Бұл оның екеніші сәбиі. Қазір екеуінің де жағдайы жақсы.