Алматыда салынып жатқан мектепте газ баллоны жарылды

0
808

Өрт түтіні мен өрттің пайда болуын қаладағы автоматты бақылауға арналған Алматы қаласының ТЖД жылу өлшегіш камерасынан анықталды.


Алматыда салынып жатқан мектепте газ баллоны жарылды

ERNUR.KZ. Алматыдағы құрылыс алаңында болған өртті ТЖД-ның жылу өлшегіш құрылғысы анықтаған, деп жазады zakon.kz.

Алдында сағат 13.55-те ТЖД күштері мен техникалары Медеу ауданындағы Сағадат Нұрмағамбетова көшесі, 150 үйдегі өртті сөндіруге аттанғаны хабарланған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін мұнда газ баллоны жарылып, салынып жатқан мектептің төбесі жанып жатқан. Өрт сөндіру құрылғысының бірі шатырдағы өртке, екіншісі салынып жатқан ғимарат маңындағы өртті сөндіруге бағыттталды. Қабылданған шаралар бойынша өрт сағат 14:14-те сөндірілді. Өрттің көрші ғимаратқа ұласу қаупі жойылды.

Өртті сөндіруге 17 адам, 4 техника жұмылдырылды.

"Айта кету керек, өрт түтіні мен өрттің пайда болуын қаладағы автоматты бақылауға арналған Алматы қаласының ТЖД жылу өлшегіш камерасынан анықталды", деп хабарлады қаланың ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің аумағы нақтылануда.

Бұл жаңадан қолданысқа енгізіліп жатқан жоба екен, ол қаладағы өрт немесе түтін туралы мәліметтерді автоматты түрде Алматы қаласы ТЖД диспетчерлік бөліміне жібереді екен.