Алматыда сауда орталықтары қашан ашылатыны белгілі болды

0
1 164

Сауда үйлері кезең-кезеңімен ашылады.


Алматыда сауда орталықтары қашан ашылатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Алматыда сауда-ойын-сауық орталықтары қашан ашылатыны белгілі болды, деп жазады Stan.kz.


«25 мамырдан бастап Алматыда қонақүй кешендерінің, тамақтану орындарының, сауда орталықтарының, (сауда және ойын-сауық орталықтарының) және сауда үйлерінің кезең-кезеңімен ашылуы қарастырылуда. Бұл қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты мүмкін болады», - делінді қала әкімшілігінің хабарламасында.


Бұған дейін 18 мамырдан бастап Алматыда туроператорлардың қызметіне шектеулер алынып тасталғаны хабарланған болатын. Ұялы телефонның абоненттік бөлімшелері, екінші деңгейлі банктер және қаржы секторының басқа ұйымдары толықтай жұмысқа орала алады. Бұл тағы 34,2 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етеді