Алматыда шенеунікке шоколад сыйлаған тұрғын жарты миллион теңге айыппұл төледі

0
988

Егер сыйлық берген адам сыйлықты қабылдауды талап етсе, мемлекеттік қызметші оны қабылдап, 7 күн ішінде оны арнайы қорға тапсыруы тиіс, ал содан кейін азаматтардың сыйлықтарын аукционға қояды.


Алматыда шенеунікке шоколад сыйлаған тұрғын жарты миллион теңге айыппұл төледі

ERNUR.KZ. Алматыда жергілікті тұрғындардың бірі шенеунікке берген бір қорап шоколад үшін ірі айыппұл төлеуге мәжбүр болды. Ақшалай жазаның мөлшері 500 мың теңгені құрады, деп жазады kaz.nur.kz.

Мегаполистің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жаңа жылға қарсы кәмпит бергеннің өзінде сыйлықты алушының да берушінің де қалтасын қағатын жаза алуға болатындығын айтты.

Ведомствода мұндай жағдайда мемлекеттік қызметкер сыйлық берушіден 3 есе артық айыппұл төлеуге мәжбүр болатынын атап өтті.

Осылайша, шенеунікке бір қорап тәтті бермек болған Алматы қаласының тұрғыны жарты миллион төледі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данияр Таумұрат Мемлекеттік кіріс басқармасының қызметкеріне 2 мың теңге беріп, ЖСН алуға тырысқан азаматқа ірі айыппұл салынғанын айтты. Осы іс-әрекет үшін оны 481 мың теңге төлеуге міндеттеді.

"Urpaq" жобалау кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев сыйлық мәселесін мектептерде қатаң қадағалайтынын айтты. Оның айтуынша, ұстаз ата-анасынан немесе оқушыдан қабылдаған кішігірім сыйлық үшін де жауапқа тартылуы мүмкін.

Бұдан бөлек, егер сыйлық берген адам сыйлықты қабылдауды талап етсе, мемлекеттік қызметші оны қабылдап, 7 күн ішінде оны арнайы қорға тапсыруы тиіс, ал содан кейін азаматтардың сыйлықтарын аукционға қояды.

Алматы қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті басшысының м.а. Ерлан Алдонғаров "Ролекс" фирмасының қол сағаты ең қымбат сыйлық екенін, оның құны 1 млн 800 мың теңгеге бағаланып отырғандығын хабарлады.