Алматыда шетелдіктермен «демалатын» 23 жеңіл жүрісті қыз ұсталды (фото)

0
1 759

Көңіл көтеру орнын тексеру барысында Оңтүстік Кореядан келген 15 «клиент» анықталған.


Алматыда шетелдіктермен «демалатын» 23 жеңіл жүрісті қыз ұсталды (фото)

ERNUR.KZ. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасының барасында Бостандық ауданының полиция қызметкерлері 23 жеңіл жүрісті қыз «еңбек» еткен караоке-барды анықтады, деп жазады almaty.tv.

Көңіл көтеру орнын тексеру барысында Оңтүстік Кореядан келген 15 «клиент» анықталған.


«Бұл көңіл көтеру орны жайлы бұрыннан белгілі болатын. Оның иелері өзгергенмен, қызметтік бағыты баз-баяғы қалпында қала берген. Ұсталғандар полиция бөлімшесіне жеткізілді. Жеңіл жүрісті қыздарға қатысты ҚР ӘҚБк 449-бабы бойынша әкімшілік жаза туралы хаттама толтырылды. Ал шетелдіктер көші-қон заңнамасына сәйкес тексеріледі. Қазіргі таңда караоке-бардың нақты иесі кім екені анықталып жатыр. Ол азамат заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады», - деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.