Алматыда студент 7-қабаттан құлай жаздаған баланы құтқарып қалды

0
535

Куәгердің айтуынша, бала 7-қабаттағы өрт сатысына қысылып қалған.


Алматыда студент 7-қабаттан құлай жаздаған баланы құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Алматыда 19 жастағы студент 7-қабаттан құлай жаздаған екі жасар баланы құтқарып қалды, - деп жазады Tengrinews.kz.

21 шілдеде Алматы ТЖД-ға 67 жастағы Ермекбай Тамабаев жүгінген. Немересімен серуендеуге шыққан ер адам "Алтынбұлақ" тұрғын үй кешенінде 7-қабаттан құлай жаздаған баланы құтқару сәтіне куә болған.

Куәгердің айтуынша, бала 7-қабаттағы өрт сатысына қысылып қалған.

"Басы тор арасына қысылып қалған еді, ал өзі салбырап тұрды. Ол кіреберістің төбесіне құлап кетуі мүмкін еді", - деді ол.

Ермекбай Тамабаев кіреберісте тұрған жастарды көмекке шақырған.

"Өтінішіме көмекке асыққан жас жігіт бірден жауап берді. Ол соңғы минуттарда тордан ұстап тұрған кішкентай баланы ұстап үлгерді, содан кейін оны анасына берді", - деді ер адам.

Құтқарушы Абай атындағы педагогикалық университеттің Дене шынықтыру факультетінің 19 жастағы студенті Ерасыл Махмуд болып шықты.