Алматыда тал түсте адам өлтірді: туысын қорғамақ болған жас жігіт ажал құшты

0
1 371

Күдікті ер адамнан телефонын ұрлағысы келген.


Алматыда тал түсте адам өлтірді: туысын қорғамақ болған жас жігіт ажал құшты

ERNUR.KZ. Алматыда тал түсте ұрыдан туысын қорғамақ болған жас жігітті өлтіріп кетті. Оқиға Алмалы ауданындағы Аносов көшесінде болған, деп жазады sputniknews.kz.

Күдікті 53 жастағы ер адамға келіп, телефонын ұрламақ болған. Ер адам туысын көмекке шақырыпты. Ұры мен жас жігіт арасында төбелес басталып кетті. Күдікті оған пышақ сұқты. Салдарынан туысын қорғауға келген жігіт ажал құшты.


Қылмыскер оқиға орнынан ізін суытты. Видео ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Я - очевидец Алматы" тобында жарияланды.

"102 пультына қоңырау түскен соң бірден іздеу шараларына кірісті. Күдікті үйлердің бірінің моншасынан табылды", - деді Алмалы ауданы полиция басқармасы бөлімінің басшысы Таңат Назанов.

Оның айтуынша, пышақ күдіктінің қолында болған. Ол тәртіп сақшыларынан қорғанып, қашуға әрекет жасады.

Күдікті ұрлық үшін екі рет сотталған 26 жастағы Талдықорған тұрғыны екені анықталды. Ол мас болған.

Қаскөй қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәсі дәлелденсе, он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.