Терроризмге қарсы іс-шаралар аясында Алматы қалалық ПД, Ұлттық ұланның және ҚР қорғаныс Министрлігінің әскери қызметкерлерінің күштері қаланы тәулік бойы патрульдеуді қамтамасыз етеді. Блокпосттар жұмысын жалғастыруда.
ERNUR.KZ. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабы қала аумағында антитеррорлық іс-шара режимі және террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейінің сақталатыны туралы хабарлады, деп жазады baq.kz.
Терроризмге қарсы іс-шаралар аясында Алматы қалалық ПД, Ұлттық ұланның және ҚР қорғаныс Министрлігінің әскери қызметкерлерінің күштері қаланы тәулік бойы патрульдеуді қамтамасыз етеді. Блокпосттар жұмысын жалғастыруда.
Террорлық қауіп-қатердің «қызыл» деңгейінде құқық қорғау органдарына азаматтардың заттарын, көлік құралдарын жеке тінтуге, сондай-ақ олардың қозғалысын уақытша шектеуге немесе тыйым салуға рұқсат етілгенін еске саламыз. Шерулер мен митингтерге тыйым салынады. Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, олардың заңды талаптарын орындауларыңызды сұраймыз,-делінген хабарламада.
Антитеррорлық іс-шара режимінің аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарланады.