Алматыда террорлық қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алынады

0
1 655

Алматы қаласында ахуал тұрақтанған.


Алматыда террорлық қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алынады

ERNUR.KZ. Алматыда лаңкестік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі жойылады, деп жазады ҚазАқпарат.

Лаңкестікпен күрес жөніндегі елордалық жедел штаб мәліметінше, Алматы қаласында ахуал тұрақтанған. Осыған орай, 7 ақпан күні сағат 00:00-ден бастап қала аумағынан лаңкестік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейін алып тастау туралы шешім қабылданған.

«Арнайы және құқық қорғау органдары қызметтің күшейтілген режимінде жұмыс істеуді жалғастырады. Қала тұрғындарына түсіністік танытып, азаматтық жауапкершілік көрсете білгені үшін ризашылығымызды білдіреміз», - деп атап өтеді штабтан.