Бұл туралы журналист Дана Орманбаева видео жүктеді.
ERNUR.KZ. Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде «тоқалдарға арналған» чемодандар сатылып жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл туралы видеоны қоғам белсендісі, журналист Дана Орманбаева әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді.
Бейнежазбада көрініп тұрғандай, сауда орталығындағы бутиктерді бірі «тоқалдарға арналған чемодан» акциясын бастаған. Жарнамасына әлемге әйгілі қуыршақтың суретін пайдаланып, үлкен әріптермен жерге және бутиктің қабырғасына «тоқалға чемодан ал» деген жазу жазған.
Журналист Дана Орманбаева бұл идеологияның терістігін айтып, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімдігіне сауал тастаған. Айта кетейік, бейнежазбада көрініп тұрғандай, сауда нүктесі тек үлкен кісілердің емес, балаларға арналған да чемодандар сатады.