Алматыда төрт қабатты ғимарат әп-сәтте күлге айналды (видео)

0
603

​Оқиға орнына өрт сөндірушілермен бірге өзге де жедел қызмет түрлері шұғыл жетті.


Алматыда төрт қабатты ғимарат әп-сәтте күлге айналды (видео)

ERNUR.KZ. Алматы қаласының Түрксіб ауданында алапат өрт болды, деп жазады Sputnik Қазақстан.


Жансүгіров көшесіндегі төрт қабатты ғимарат отқа оранып, әп-сәтте күлге айналды. Ғимараттың бірінші қабатында техникалық қызмет көрсету бекеті, екінші және үшінші қабатында дүкендер, ал төртінші қабатта бірнеше пәтер болған.



Өрт сөндірушілер тілсіз жауды тез ауыздықтауға тырысып бақты. Сондай-ақ, оқиға орнына басқа да жедел қызмет түрлері шұғыл жетті.




Ғимарат толықтай жанып кетті. Өрт салдарынан 1991 жылы туған ер адам зардап шеккен. Өрттің шығу себебін анықтаумен Алматы қалалық ІІД тергеушісі айналысып жатыр.