Алматыда төрт полицей ұсталды - ПД басшысы пікір білдірді

0
607

Төрт полицей 800 мың теңге көлемінде пара алған.


Алматыда төрт полицей ұсталды - ПД басшысы пікір білдірді

ERNUR.KZ. Алматы полициясы департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қоластындағылардың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.


"Иә, біздің қызметкерлер ұсталды, тәртіптік комиссия құрылды. Төрт басшы қызметінен босатылды. Ия, мұндай жағдай біздің қызметкерлерімізге жараспайды, біз түсінеміз. Осы сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша біз жұмыстар жүргіземіз, - деді Қанат Таймерденов.

Еске салайық, мұның алдында Антикоррупция қызметі төрт полицейдің ұсталғанын айтқан еді.

"8 тамызда Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 800 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат алып жатқан Алматы қаласы полиция департаментінің процессинг орталығының басшысы мен қызметкерін ұстады, олар 2017 жылдан бастап жалған сот орындаушысымен сөз байласып, жол қозғалысы ережелерін бұзушылардан ақшалай қаражат алып, оны өздеріне беріп отырған", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.