Алматыда туберкулез диспансерінің орнына балабақша салынады

0
737

Қазіргі уақытта тиісті құжаттар әзірленіп жатыр.


Алматыда туберкулез диспансерінің орнына балабақша салынады

ERNUR.KZ. Екі жылдан бері қаңырап бос тұрған ғимаратты іске асыруды жоспарлаған аудан әкімшілігі инвесторларға ұсыныс жасаған, - деп жазады 24.kz.

Қазіргі уақытта тиісті құжаттар әзірленіп жатыр. Жаңа балабақша салынса, қаладағы мектепке дейінгі мекемелерге деген кезек сәл де болса азаяр еді дейді мамандар. Қазір қала бойынша 45 мың бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Сондай-ақ бірнеше жылдан бері бос тұрған "Юность" кинотеатры ғимаратында болашақта спорт орталығы ашылады.

Көпқабатты тұрғын үй кешені былтыр салынып бітуі тиіс еді. Алайда Алматының таулы беткейінде үш қабаттан асатын ғимарат салуға тыйым салынғаннан кейін 2016 жылы құрылыс тоқтатылған. Енді бұл жерден спорт немесе мәдениет сарайын ашу жоспарда бар. Қаланың Әуезов ауданында осындай ескерусіз қалған, бірақ пайдаға асыруға болатын 30 ғимарат инвесторларға таныстырылды.

"Екі ғимарат – туберкулез диспансері мен "Юность" кинотеатры Алматы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының еншісінде. Қалғандары жекеменшікке тиесілі. Балабақша, дамыту орталықтары мен медициналық мекеме ашуға дайын ғимараттар да бар. Сондай-ақ жекеменшік иелегіндегі бос жатқан жерлерге тұрғын үй кешендерін және әлеуметтік нысандар салу үшін инвесторларды тартып жатырмыз", - дейді Әуезов аудандық әкімдігі кәсіпкерлік және өндіріс бөлімінің бас маманы Мәдина Кәрімова.