Алматыда тұрғын үй кешенінен өрт шықты

0
1 092

Өрт көпқабатты үйдің шатырында қысқа тұйықталудан шыққан


Алматыда  тұрғын үй кешенінен өрт шықты

ERNUR.KZ. Алматыда 14 қабатты үйдің шатыры өртенді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, 12:56-те өрт туралы хабарлама келіп түскен.

Кезекші пультіне Әуезов ауданы Науаи көшесі, 68 мекенжайындағы 14 қабатты ғимараттың шатырынан түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жетті.

Олар барғанда желдету жүйесінің жылыту материалдары отқа орана бастаған. Өрт күндізгі 13:11-де ауыздықталды.

Тілсіз жау 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртенген үйден 73 адам, оның ішінде 7 бала қауіпсіз жерге көшірілді.