Алматыда тұрғын үйлер сібір жарасы қорымдарына жақын салынып жатыр

0
594

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Алматы әкімдігі мегаполистің тау етегі аймағындағы қала құрылысын жүргізуде сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтады.


Алматыда тұрғын үйлер сібір жарасы қорымдарына жақын салынып жатыр

ERNUR.KZ. Алматыда қала құрылысының барлық кезеңінде сыбайлас жемқорлық сын-қатерлері анықталды, деп жазады sputnik.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысында тау етегі аймағының құрылысы саласындағы сыртқы талдау нәтижелері қаралды.
Талдау көрсеткендей, Алматы қаласының бас жоспары 2011 жылдан бері жаңартылмаған. Осыған байланысты 63 мың гектардан астам жердің функционалдық аймақтары экологтардың, СЭС пен төтенше жағдайлар органдарының қатысуынсыз өзгертілді. Бұл ерекше қорғалатын аумақтар мен өзендердің маңында бақылаусыз құрылыс жүргізуге әкелген.
Сонымен қатар, "Горный Гигант" шағын ауданында сібір жарасы көмілген жердің маңында тұрғын үй кешендері белсенді түрде салынып жатыр, деп мәлімдеді "Антикор".
Алматы әкімдігі сын-қатерлер негізінен жер телімдерінің мақсатқа сәйкес келмеуі, құрылыстың жоба алдындағы келісілген құжаттамадан ауытқуы (жалпы алаңның, қабат санының ұлғаюы), әкімшілік бақылаудың тиімсіздігімен байланысты деп түсіндірді.
"Алматы әкімдігі ел заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізді. Енгізілген өзгерістер заңсыз құрылыс нысандары бойынша жұмысты жақсартуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.