Алматыда тұтас аудан жарықсыз қалды

0
2 202

«Алатау жарық компаниясы» таратқан мәліметке сәйкес, таңғы 9:30-да 35 кВ желісінің зақымдануы жоғары жиілікті желіде электр тогының келуін төмендеткен.


Алматыда тұтас аудан жарықсыз қалды

ERNUR.KZ. Алматыда электр тарату желісі зақымданып, тұтас аудан жарықсыз қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы хабарлағандай, Алматы аудандарының бірінде кернеуі 35 киловольт болатын электр тарату желісі зақымданған.


«Алатау жарық компаниясы» таратқан мәліметке сәйкес, таңғы 9:30-да 35 кВ желісінің зақымдануы жоғары жиілікті желіде электр тогының келуін төмендетті. Соның ықпалынан ПС-4 шағын стансасында жарық беру тоқтатылды. Салдарынан Қарасай батыр - Байтұрсынов - Жандосов - Тимирязев – Жароков көшелерінің шаршысындағы ғимараттарға электр энергиясы тоқтатылды»,- деді басқармадан.


Кешке таман аталған ауданды электр энергиясымен қамту қалпына келтірілді.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет