Алматыда учаскелік полицей аурушаң әйелді баспанасынан айырып, өзін құлдыққа өткізген

0
2 051

Әуезов ауданында учаскелік полицей болған Арли Оңғарбаевқа Татьяна Шульгина 2015 жылдың қыркүйе кайында келіп, бұрынғы күйеуінен қорғауды сұраған. Инспектор келіншекке өзінің ағасын ертіп келіп, оққағар болады деп, үйіне тіркеуге тұрғызған.


Алматыда учаскелік полицей аурушаң әйелді баспанасынан айырып, өзін құлдыққа өткізген

Алматыда учаскелік полицей аурушаң келіншектің екі бірдей пәтерін сатып жіберіп, өзін Қырғызстанға құлдыққа өткізбек болған. Қаскөй мұнысымен қоймай, оның баласының көзін жоюды тырысыпты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Әуезов ауданында учаскелік полицей болған Арли Оңғарбаевқа Татьяна Шульгина 2015 жылдың қыркүйе кайында келіп, бұрынғы күйеуінен қорғауды сұраған. Инспектор келіншекке өзінің ағасын ертіп келіп, оққағар болады деп, үйіне тіркеуге тұрғызған. Артынша Өзбекстан азаматы Әлішер Жаңабаевты әйелдің сеніміне кіргізіп, үйленетініне көзін жеткізеді. Осылайша екеуі бірлесіп кәсіп ашпақ болып, жалғызбасты келіншекті бар дүние-мүлкінен айырған.
Учаскелік полицейдің арам пиғылы мұнымен шектелмеген. Келіншекті Қырғызстанға апарып тастаған соң, қылмыстық топ мүшелері оның жалғыз ұлынан құтылудың жолын іздейді. Сөйтіп оны Талғар ауданына апарып буындырып, пышақтаған. Алайда жас жігіттің жан дауысын естіген тұрғындар оны құтқарып қалыпты.
Көп ұзамай Арли Оңғарбаев пен оның сыбайласы Әлішер Жаңабаев қамауға алынған. Ал ағасы Әсет Оңғарбаевқа ізде ужарияланған. Бұрынғы полицейге«аса iрi мөлшерде алаяқтық жасады», «алдын ала сөз байласу арқылы адам өлтіруге оқталды және қылмыстық топ құрды», «лауазымын асыра пайдаланды»деген айыптар тағылды. Ал
сыбайласы алаяқтық және адам өлтіруге оқталу баптары бойынша күдікке ілінген.
Сотта Оңғарбаев өзіне тағылған айыптармен мүлдем келіспеді, ал Жаңабаев кінәсін ішінара мойындады.
Алайда сот екеуін де кінәлі деп танып, Оңғарбаевты 16 жылға, Жаңабаевты 12 жылға бас бостандығынан айырды. Екеуі жәбірленушілерге 4 миллион теңге моралдық шығын өтейтін болды. Бірақ баспананы кері қайтару мүмкін болмады.