Алматыда үй карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынды

0
619

Үй карантинін бұзған 15 симптомсыз тасымалдаушыға айыппұл салынды.


Алматыда үй карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Алматыда үй карантин режимін бұзған 15 симптомсыз тасымалдаушыға айыппұл салынды. Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осылай мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.


«Бүгінде үй карантинін бұзушылар бар. 15 симптомсыз тасымалдаушыға айыппұл салынды. Сондай-ақ, үш алматылық үйінен ауруханаға ауыстырылды. Мұндай шешімге өздері келді», – дейді Жандарбек Бекшин.


Оның айтуынша, үй карантинінде отыратын адамдар үнемі тексеретіледі.


«Күні кеше арнайы топ 200 үйді тексерді, нәтижесінде 23-і үйінен табылған жоқ. Яғни, көшеге шығып кеткен»,– дейді Жандарбек Бекшин.