Алматыда үй жануарларының бірыңғай деректер базасы іске қосылады

0
459

Аладғы уақытта қалада қаңғыбас жануарлардың мәселесін болдырмау үшін микрочиптер орнатылады.


Алматыда үй жануарларының бірыңғай деректер базасы іске қосылады

ERNUR.KZ. Алматыда үй жануарлары чиптеледі. Чиппен қатар жыл сайын ит пен мысыққа құтыруға қарсы вакцинация салынады. Бұл туралы Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ветеринария бөлімінің бастығы Әйгерім Жақсылық мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, аладғы уақытта қалада қаңғыбас жануарлардың мәселесін болдырмау үшін микрочиптер орнатылады. Көшеде олардың пайда болуының негізгі себептері әлі де иттерді сыртқа босату, жоғалту және далаға тастап кету. Табылған жануарда чиптің болуы оны үйге қайтаруға немесе иесін жауапқа тартуға мүмкіндік беремек.

Сонымен қатар ол үй жануарлары туралы барлық деректер PetControl бірыңғай деректер базасына енгізіледі. Үй иттері мен мысықтарын стерилизациялау мен кастрациялау мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасады. 2024 жылға қарай Алматыда 28 мың жануар осы процедурадан өтеді.

«Бағдарлама үйсіз үй жануарларының санын гуманистік реттеуге бағытталған. Өйткені үй жануарларының ұрпақтары жыл сайын қаңғыбас жануарлардың популяциясын толықтырады.Стерилизация мен кастрация бағдарламасы жылына 2 рет, ақпан мен тамызда жүргізіледі», - дейді спикер.

Осы жылы үй жануарларын тегін стерилизациялау және кастрациялау бағдарламасы аясында 4 мыңға жуық ит пен мысық қамтылмақ. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу байқауы жүріп жатыр. Оған 51,7 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бағдарламаны қыркүйектің ортасына бастау жоспарда.

«Алматы қаласында үй жануарларын ұстау мен серуендеу ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын ерікті жануарлар құқығын қорғаушылар жүргізеді. Бірақ полиция мен ветеринарлық қызметкерлер жануарларға зорлық-зомбылық жасаудың алдын алады»,-деді ол.