​Алматыда ұрланған телефондар Бішкектен табылды

0
690

Полиция қызметкерлері оңтүстік астанада қолды болған ұялы телефондарды сататын халықаралық қылмыстық арнаның жолын кесіп, екі ел арасында заңсыз саудамен айналысқан күдіктіні қолға түсірді.


​Алматыда ұрланған телефондар Бішкектен табылды

Алматыда ұрланған қымбат гаджеттер көрші Қырғызстанның сауда орнынан табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері оңтүстік астанада қолды болған ұялы телефондарды сататын халықаралық қылмыстық арнаның жолын кесіп, екі ел арасында заңсыз саудамен айналысқан күдіктіні қолға түсірді.

"Алматы қаласының полиция қызметкерлері қалада 1989 жылы туылған П.есімді азаматты анықтап, бұл азамат қылмыстық жолмен ұрланған заттарды сатып алатыны анық болды. П. есімді азамат өзінің Қырғызстандағы «әріптесімен» хабарласып, екеуі бірбіріне ұрланған ұялы телефондарды беріп жіберіп отырған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда", - дейді Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі.

Алматыда ұялы телефон ұрлығы өршіп тұр. Криминалдық полиция қызметкерлері арам олжаға құныққан сұғанақтар байланыс құралын кімге және қалай сататынын анықтау мақсатында іздестіру шараларын жүргізген. Соның қорытындысы бойынша қалада қолды болған қалта телефондарын Бішкекте ұрланған ұялы телефондармен алмастырып, екі ел арасында заңсыз сауданы қыздырған күдікті қолға түсті. Тәртіп сақшылары шекара асып, Қырғызстан астанасынан ұрланған 246 дана байланыс құрылғысын алып келді. Осы гаджеттердің бір бөлігі өз иелеріне қайтарылды. Телефонынан айырылып, полицияға арыз жазған тұрғындар гаджеттерінің табылғаны күтпеген жаңалық болды деп отыр.