Алматыда үш адам қаза болған жол апаты видеоға түсіп қалды

0
689

Әлеуметтік желіде үш көліктің соқтығысқан сәті түсірілген видео тарады.


Алматыда үш адам қаза болған жол апаты видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адам қаза тапқан жол апаты көлік камерасына түсіп қалды, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде үш көліктің соқтығысқан сәті түсірілген видео тарады. Кадрларға қарағанда, камера орнатылған, болжам бойынша, жол талғамайтын көлік жүргізушісі, сол жақ жолақпен келе жатқан. Кенет оның алдына қарсы жолақтан жеңіл көлік атып шығады, ол алдымен алдында келе жатқан басқа жеңіл көлікті соғып, содан кейін жол талғамайтын көлікке соғылады.