Алматыда үш көлік жол апатына ұшырады

0
1 059

Жол апатынан екі адам зардап шекті.


Алматыда үш көлік жол апатына ұшырады

ERNUR.KZ. Алматыда Жандосов пен Шәймерденов көшелерінің қиылысында ірі жол апаты болды. Бұл туралы СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасында айтылды, деп жазады tengrinews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Peugeot жанармай құю бекетінен шығып келе жатқан. Сол сәтте Subaru Жандосов көшесімен келе жатқан. Нәтижесінде екеуі соғысып қалған. Алған соққыдан Subaru қарсы жолаққа ұшып кетіп, Lexus жүргізушісімен соғысқан.

Жол апатынан екі адам зардап шекті. Олар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр