Алматыда ұшақ апатынан №4 ауруханаға түскендердің екеуі көз жұмды

0
688

Олардың алған жарақаты адам төзгісіз жағдайда болған.


Алматыда ұшақ апатынан №4 ауруханаға түскендердің екеуі көз жұмды

ERNUR.KZ. №4 қалалық клиникалық ауруханада шұғыл өткізілген арнайы баспасөз мәслихатында Алматыдағы ұшақ апаты салдарынан ауруханаға жеткізілген зардап шегушілердің екеуі қайтыс болғандығы айтылды, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы зардап шеккендердің ауруханаға өте ауыр халде түскенін хабарлаған №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері міндетін атқарушы Айман Байзолданова айтты.

Екі адам қайтыс болды. Олардың алған жарақаты адам төзгісіз жағдайда болған. Олардың аты-жөні аталмады.

Байзолданованың айтуынша, қаланың барлық медициналық потенциал тірі қалғандарға көмек көрсету үшін жұмылдыруда, алты ота жасалған.

Сондай-ақ ол донор қан мен басқа да дәрі-дәрмектер жеткілікті екенін баса айтты.

Бұған дейін оқиға орнынан 19 зардап шеккен адам №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілгені хабарланған. Зардап шеккендердің жалпы саны - 51 адам.