Алматыда вакцинаның кері әсері тіркелмеді – дәрігер

0
2 327

Алматыда ресейлік «Спутник V» вакцинасын бірінші кезең бойынша 1315 медицина қызметкері салдырған.


Алматыда вакцинаның кері әсері тіркелмеді – дәрігер

ERNUR.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының дәрігер-эпидемиологы Эльвира Ибрагимова мегаполисте вакцина салу барысы жайлы айтты, жазады baq.kz.

Оның айтуынша, Алматыда ресейлік «Спутник V» вакцинасын бірінші кезең бойынша 1315 медицина қызметкері салдырған. 21 ақпаннан бастап вакцина алғандарға екінші кезең бойынша екпе салынады. Әр аудандағы емханаларда вакцина салатын екі бөлме қарастырылған, олар барлық талаптарға сай. Оған қоса, екпе салу барысын тәуелсіз бақылаушылар қарап отыратын көрінеді.

Вакцина салған соң ол сөзсіз әсер береді. Мәселен, мен ақпан айының басында осы вакцинаны салдырдым. Оның әсері бір күндей жүрді, негізінен дене қызуым көтерілді. Мұндай әсер кез келген вакцина салдырғанда болады. Вакцина салынған күннің ертеңінде барлық медицина қызметкерлеріне хабарласып, жай-күйін тексереміз, яғни екпе алғандардың барлығы бақылауға алынады. Жалпы Алматы бойынша вакцинаның кері әсер еткені тіркелмеді, - дейді Ибрагимова.

Айта кетсек, Алматыға Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының 2050 дозасы жеткізілген болатын.