Алматыда заңсыз салынған құрылыс сүрілді

0
2 567

Қалалық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы ғимараттардың нормаға сай келмейтінін айтады.


Алматыда заңсыз салынған құрылыс сүрілді

ERNUR.KZ. Алматының орталығында заңсыз салынған нысан сүрілді. Бұл туралы қалалық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қалалық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мәлім еткендей, қала тұрғыны нысанды ешқандай рұқсатсыз, өз қалауымен тұрғызған. Нысан Радостовец көшесінде инженерлік коммуникациялардың үстіне салынған.




«Құрылыс көптеген нормаға сай келмейді. Сот талқылаулары барысында біздің талап арыздарымыз қанағаттандырылды. Нақты шешім шыққаннан кейін нысанды бұзуға кірістік», - деп хабарлады басқармадан.

Сондай-ақ, ведомстводағылар меншік иесін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 316-бабы 1-бөлігі, 321-бабы, 323-бабы және 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартқанын атап өтті.

Бұған дейін Қарасай батыр мен Әйтиев көшелерінің қиылысындағы көлік жуу орны мен бірнеше коммерциялық нысандардың бұзылған еді.