Алматыда заңсыз жүрген кәмелетке толмаған тәжік балалары ұсталды

0
1 379

Алматыда осы күндері "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатқаны бұған дейін хабарланған болатын.


Алматыда заңсыз жүрген кәмелетке толмаған тәжік балалары ұсталды

ERNUR.KZ. Алматылық көші-қон қызметінің мәліметінше, Алатау ауданында жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 39 шетелдік анықталды, оның 36-сы Тәжікстан азаматы, деп жазады baq.kz.

Ұсталғандардың 18-і - 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Олар тиісті шара қолдану үшін аудандық ПБ-ның ювеналды полиция бөліміне жіберілді. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдіктер ПД-ның қабылдап-тарату орнына орналастырылды, - деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Алматыда осы күндері "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Оның мақсаты – шетел азаматтарының қылмыс жасауының алдын алу.